«Әз Наурыз» акциясы қоғамдық көлікте - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әз Наурыз» акциясы қоғамдық көлікте

20.03.2014
«Әз Наурыз» акциясы қоғамдық көлікте

Ақтөбелік жастар қоғамдық көлікте жолаушыларға дәм ұсынды. Тегін бауырсақ үлестіріп, Наурыз мерекесінің мән-мағынасын түсіндірді. Наурыз - ас ішіп, қонақ күту ғана емес, кішіпейілділікке, ынтымақ пен бірлікке бастайтын Ұлы мереке екенін ел есіне сіңіруде.

 
Ұлттық нақышта киінген жастардың ісіне үлкендер де разы. Батасын беріп бірлік тіледі. «Әз Наурыз» акциясы бір мезгілде қаланың әр бағытына қатынайтын 10-ға жуық автобус пен аялдамаларда өтті. Оған елуден аса студент атсалысты.      
 
Назерке Жаңабай, студент:
Біздің бүгінгі акцияға шығуымызды халық әртүрлі қабылдап жатыр. Бұл олар үшін тосын жағдай болды деп ойлаймыз. Қуанып, алғыстарын білдіруде. Осындай акциялар арқылы біз Наурыз мерекесін халық есінде мәңгі қалдырамыз деп ойлаймыз. 
 
 
Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу