Лауазымын асыра пайдаланды деген күдікпен шенеунік қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лауазымын асыра пайдаланды деген күдікпен шенеунік қамауға алынды

18.03.2014
Лауазымын асыра пайдаланды деген күдікпен шенеунік қамауға алынды
Лауазымын асыра пайдаланды деген күдікпен Астана қаласы бойынша Ветеринарлық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Н.Жақыпбаев ұсталды.
 
Қаржы полициясына сілтеме жасай отыра nur.kz сайтының хабарлауынша, оның 2012 жылы комитет төрағасы болып тұрғанда үш ауылда бір типті ветеринарлық зертхана салу бойынша жалған актілерге қол қойғаны анықталды. Осылайша ол   мемлекетке 83 миллион теңгеден астам шығын келтірген.
 
Қазіргі таңда Н.Жақыпбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, оның жемқорлық әрекеттерге қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Хабарламаларға жазылу