«Айқын тариф» жобасы іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айқын тариф» жобасы іске қосылады

17.03.2014
«Айқын тариф» жобасы іске қосылады
«Нұр Отан» партиясы коммуналдық қызмет сапасын арттыруға ықпал етпек. Ол үшін сәуір айынан бастап, «Айқын тариф» жобасы іске қосылады. Бұл туралы бүгін партияның экономикалық саясат жөніндегі кеңесінің отырысында айтылды.
 
Партияның қоғамдық қабылдауына келіп түскен 192 мың арыздың 37 пайызы осы коммуналдық қызметтің сапасына қатысты. Дәлірек айтқанда, тұрғындар тарифтің өсуіне шағымданған.
 
«Жыл сайын кәсіпорынды модернизациялауға қомақты қаржы қарастырылғанымен, қызмет сапасы жақсармай келеді», дейді мамандар.
 
Сондықтан,   партия белсенділері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері бірлесіп, «Айқын тариф» жобасы аясында монополист кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламаларды іске асыруын және олардың қаржыны игеруін жіті қадағаламақ.
 
Светлана Романовская, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Халықтың кәсіпорындарға деген шағымдары көп. Бір қызығы, тұтынушының құқығын бұзған компаниялардың қатары көп болса да, олардың бірде-бірі әкімшілік жауапқа тартылмаған. Яғни, монополист кәсіпорындар жауапкершіліктен жалтарып кетуде. Сондықтан, олардың қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту керек.
 
Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу