Сарбаз 6 жасар қызды ажалдан құтқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарбаз 6 жасар қызды ажалдан құтқарды

15.03.2014
Сарбаз 6 жасар қызды ажалдан құтқарды
Ішкі істер министрлігі «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөлімінің сарбазы 6 жасар қызды ажал аузынан алып қалды. Сөйтіп, ерлігімен көзге түскен Алтынбек Қабылбеков мемлекеттік сыйлыққа ұсынылды. 
 
Ішкі әскер сарбазы патрульдік кезекте жүрген. Кенет, көлік ағылып жатқан тас жолға шығып кеткен баланы көзі шалып қалып, дереу көмекке ұмтылады. Кішкене қызды жол жиегіне шығарып үлгергенімен, сарбаздың өзін жүйткіп келген жеңіл көлік қағып кеткен. 
 
Алтынбектің көрер жарығы бар екен. Аяғы сынып, ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жиды. Ол « Ішкі әскерлердің 20 жылдығы» және «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» медальдарымен марапатталды. Бұдан бөлек мемлекеттік наградаға ұсынылды. Ол жақын арада салтанатты түрде табысталады.
 
Алтынбек Қабылбеков, 5451 әскери бөлімінің сарбазы:
Жолдың шетінде тұрғам. Шамамен 6-7 жасар қыз жолға шығып кеткен екен. Жиекке шығарып үлгергеніммен көлік мені соқты әрі қарай ештеңе есімде жоқ. Жалпы Отан қорғау әскерилердің ғана емес барша ер-азаматтың міндеті.
 
 
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу