Жолдар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдар жабылды

15.03.2014
Жолдар жабылды
Еліміздің 4 облысында қатты жел мен боранның кесірінен, көлік қозғалысының барлық түрлеріне шектеу қойылды. Атап айтсақ, Ақмола облысындағы «Екатеринбург-Алматы» автожолының Астана-Атбасар учаскесінде, Ақтөбе облысында «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының Алға-Шұбарқұдық учаскесінде, Алматы облысының «Үшарал-Достық» жолының Көктума-Ырғайты учаскесінде, сондай-ақ Қарағанды облысында «Жезқазған-Петропавл» тас жолының Сәтбаев-Қостанай облысымен шекаралас учаскесінде жол жабық.
 
 
Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу