04 наурыз 20:30 Басып шығару Қызылордада бір күнде екі үшем дүниеге келді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

04 наурыз 20:30 Басып шығару Қызылордада бір күнде екі үшем дүниеге келді (ВИДЕО)

04.03.2014
04 наурыз 20:30   Басып шығару Қызылордада бір күнде екі үшем дүниеге келді (ВИДЕО)
 
Қызылорда өңірінен қыз-келіншектер мерекесі қарсаңында сүйінші сұрайтындай, қос бірдей қуанышты хабар келіп жетті. Яғни, бір күнде екі үшем дүниеге келді.  
 
Дәрігерлердің айтуынша, сәбилердің жағдайы жақсы, босанған келіншектердің де денсаулығы   қалыпты. Нәрестелерді өмірге әкелген аналардың біреуі Жаңақорған ауданындағы, ал екіншісі Қазалы ауданындағы шалғай ауылдардың тұрғындары. 
 
Құрсақтағы балалардың үшем екені белгілі болғаннан кейін, олар дереу облыс орталығына санитарлық авиациямен жеткізілген. Аман-есен дүниеге келген нәрестелер бүгін перзентханадан шығарылды
 
Кенжегүл Ембергенова, үшемнің анасы:
Маған басында екеу деп берген негізі, УЗИ-ге түскенде екеу деп жүрді. Күтпеген жағдайда үшеу болып шығып тұр. Балалардың жағдайлары жақсы. Балалардың атын атам қойды. Диас, Мирас, Манас деп.
 
Нұргүл Бегімбетова, үшемнің анасы:
Неше жылдан бері Алладан тілеген балаларымыз. Қабыл болды. Ұл да, қыз да. Қуанышымда шек жоқ, осылардың аманшылығын тілеймін. 
 
 
 
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу