Шымкентте пара берген балабақша меңгерушісі ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте пара берген балабақша меңгерушісі ұсталды

28.02.2014
Шымкентте пара берген балабақша меңгерушісі ұсталды
 
Оңтүстік Қазақстан облысында Қаржы полицейлері пара алған азамат пен пара берген азаматшаны қатар ұстады.
 
Шымкенттегі №19 «Қызғалдақ» балабақшасының меңгерушісі «пара берді» деген күдікпен ұсталды. 2014 жылы 19 ақпанда тексеру актісінде кеткен кемшілікті көрсетпеуін өтінген ол, тексеріс жүргізген  бақылау бөлімінің қызметкеріне 300 мың теңге көлемінде қаржы ұсынған.
 
 «Пара алды» деген күдікпен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының №4 Шығыстарды бақылау бөлімінің бас маманы да ұсталды. Айта кетейік, пара берілетіні жөнінде қаржы полициясының мамандарын үшінші азамат құлағдар еткен.  
 
Эльвира Қадірсізова, облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің  баспасөз хатшысы:
Жаңабаевқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311-бабы 2-бөлігімен, Кеншібаеваға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 312-бабы 2-бөлігімен қылмыстық  іс қозғалды. Қазіргі таңда қылмыстық іс тергелуде. 
 
Нұрлан ӘЛІМБАЕВ 

Хабарламаларға жазылу