Оңтүстік Қазақстан облысы тұрақты дамуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысы тұрақты дамуда

26.02.2014
Оңтүстік Қазақстан облысы тұрақты дамуда
 
Оңтүстік Қазақстан облысы тұрақты дамып келеді. Жалпы өңірлік өнім 2 триллион теңгені құрап, 6 пайызға ұлғайған. Бұл туралы бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаған есебінде мәлімдеді.
 
Жалпы, былтырғы жыл оңтүстік жұртшылығы үшін табысты болды. Бюджет кірісі 13 пайызға артып, тұрғын үй құрылыс саласына 18 миллиард теңге инвестиция тартылды. 657 шақырым жол мен 27 көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
 
Аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 44 пайызға төмендеп, ауыл шаруашылығы саласында 300 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Ал өңірге   тартылған инвестиция 25 пайызға артып отыр.   
 
Индустрияландыру картасы аясында 46 жоба іске қосылып, 3637 жаңа жұмыс орны ашылды. 2013 жылы елімізде іске қосылған 135 кәсіпорынның 34 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысының үлесіне тиесілі.
 
Асқар Мырзахметов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі:
Биылғы жылы облыс бойынша 69 білім, 53 денсаулық нысаны іске қосылғалы отыр. Ал, балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамту көрсеткішін 77 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Яғни, 165 мектепке дейінгі ұйымдарды ашу биылғы жылдың жоспарында қарастырылған.
 
Нұрлан ӘЛІМБАЕВ

Хабарламаларға жазылу