Қарыздан жалтаратындар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарыздан жалтаратындар көбейді

25.02.2014
Қарыздан жалтаратындар көбейді
Ақтөбе облысында 73 мың адамның банк пен дүкендерге берешегі 5 миллиард теңгеге жеткен. Оның 3 миллиард 78 миллион теңгесі банке берілетін төлем.
 
Сот орындаушылары үшін қарыздан жалтарып жүргендерден ақша өндіру оңай болмай тұр. Тәртіп сақшылары көлігін ұстап, айыппұл алаңына апарады. Сондай жанның бірі - 2 миллион теңгеге алған жұмсақ жиһаздың ақшасын төлемей жүрген ақтөбелік әйел қымбат көлігінен айырылды.
 
Қарызы барлардың тізімі халыққа қызмет ету орталығындағы базада тіркеледі. Ақшасын қайтармаса қажетті анықтама берілмейді.  Бірақ, айласын асырып кететіндер де аз емес.
 
Алиса Аманова, Ақтөбе облыстық Сот актілерін орындау департаментінің баспасөз хатшысы:
Мүліктерді өздерінің аттарына тіркемейді. Туысқандарына, жақындарына тіркейді. Ешқандай мүлік болмаған соң және жұмыс істемеген соңолардан миллион, миллард деген соммаларды өндіру қиынырақ.
 
 
Әлия ТАЛАСОВА
 
 

Хабарламаларға жазылу