Өзбекстандық көліктерге неге тосқауыл қойылды?
Осылай сағаттап тұру Мұхамед Бектұрғановтың күнделікті тірлігі. Ол небәрі екі ай бұрын Nexia маркалы автокөлігін сатып алған болатын. Арзанға, әрине. Алайда қазір жүргізушінің өкініштен өзегі өртеніп жүр. Өйткені күдігі көп күйсіз көлік діттеген жеріңе жеткізе алмайды. Жаңа авто шығынға әбден батырып бітті, деп налиды ол.
Мұхамед Бектұрғанов, көлік жүргізуші:
Ішінде пеш нашар істейді, жылытпайды. Суық күнде көлікпен жүргің де келмейді. Одан басқа көптеген тетіктері дұрыс жұмыс атқармайды. Бүйрегіме де осы көлік зақым келтірді.
Ресейлік және елімізде жиналатын көліктердің ең арзан дегені 20-30 мың доллар шамасында. Сондықтан жаңа машинаға отырғысы келетіндер өзбектің Nexia және Matiz автокөліктеріне қызығады. Себебі, бұлар 1-1,5 миллион теңге тұрады. Өткен жылы қазақстандықтар 10 мың данадан аса Nexia және 13 мыңнан аса Matiz автокөлігін сатып алған. Десе де техникалық қызмет көрсету станциясында жөнеуде тұрғандардың басым бөлігі де осылар екен.
Владимир Иванов, техникалық қызмет станциясының жұмысшысы:
Жөндеуге әкелінетін көліктердің 20-30 пайызы Nexia және Matiz автокөліктері. Бұлар 2000 шақырымнан соң-ақ тез салдырлап қалады. Бір жақсысы бағалары анағұрлым арзан.
Индира Бегайдар, тілші:
Бағасы қолжетімді көліктің сапасы сын көтермейді. Мамандардың айтуынша, бұл көліктердің құрал-саймандарын аптасына 1 рет ауыстырып тұруға тура келеді. Ол-ол ма? Мұнда қауіпсіздік жастығы, антиблокадалық тежегіш, балалар орындығын бекіту жүйесі орнатылмаған.
«Арзанның жілігі татымайды». Бұл мәжіліс депутаты Шалатай Мырзахметовтың пікірі. Ол қазақстандағы көліктер еупопалық стандарттарға сай болуы керек, деп есептейді.
Шалатай Мырзахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Егер де ол адамның өміріне қауіпті болатын болса, оның не керегі бар? Біз үшін басты құндылық ол - адам. Сондықтан, мен бұл шешімді толық қолдаймын.
Бұлардың орнына енді тұтынушыларға басқа марканы ұсынамыз, дейді автодиллерлер. Ол техникалық регламентке сай болады, деп сендіреді. Алайда, әзірге оның сапасы қандай болары белгісіз. Ең бастысы Мұхамед Бектұрғанов сынды жаңа темір тұлпарға отырамын, деп қыруар қаражаттан айырылған жүргізушілердің саны азайса болғаны.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зейнетақы жинағымен емделу уақытша тоқтатылды
13.01.2026, 20:52
Цифрлық кодекс және азамат құқығы
13.01.2026, 20:49
Мәжіліс депутаттары «Пеноплекс» зауытының жұмыс барысымен танысты
13.01.2026, 20:25
Тапсырыспен жиһаз жасатар алдында алданып қалмау үшін нені ескеру керек?
13.01.2026, 20:23
Енді бекіре өсіретін шағын шаруашылықтар да субсидияға іліге алады
13.01.2026, 20:22
Елді елең еткізген жаһан жаңалықтары
13.01.2026, 20:20
Астана әлемдегі ТОП-100 қауіпсіз мегаполистің қатарына қосылды
13.01.2026, 20:19
М.Әуезов атындағы Ұлттық театрдың 100 жылдығына орай ғылыми конференция өтті
13.01.2026, 20:18