Батыс Қазақстан облысының әкімі есеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысының әкімі есеп берді

21.02.2014
Батыс Қазақстан облысының әкімі есеп берді
 
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев тұрғындар алдында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
 
«Қойнауы кенге толы өңірде өткен жылы газ бен мұнай өндіру артып, өнеркәсіп өндірісі ұлғайды. Индустрияландыру картасы аясында 3 жоба жүзеге асты. 247 мың шаршы метр баспананың пайдалануға берілуі де облыстың экономикалық әлеуетінің артқанын көрсетеді», деді облыс әкімі.
 
Бұған қоса кездесуде әкім тұрғындар тарапынан түскен сан салаға қатысты сұрақтарға жауап берді. Болашақта аймақта машина жасау, құрылыс индустриясы, агроөнеркәсіп кешенін және көлік логистикасын дамытуға аса мән берілетін болады. Ең көкейкесті жол мәселесі де кезең-кезеңмен шешімін таппақшы.
 
Нұрлан Ноғаев, облыс әкімі:
Қазір Қазталов бағытында 100 шақырымдай жол салынды. Сапасы қазіргі стандарттарға сай. Осы жұмыс әрі қарай жалғасын таба береді. Шыңғырлау, Қаратөбе аудандарының орталықтарына дейінгі жолдарды бітіреміз. Чапаев-Жаңақала бағытындағыжұмыстарды жалғастырамыз.
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу