«Қазақстан-2050» қозғалысы кенді шаһарда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан-2050» қозғалысы кенді шаһарда

20.02.2014
«Қазақстан-2050» қозғалысы кенді шаһарда
 
«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеп жатыр. Осы мақсатта белсенділер еліміздің барлық аймақтарын аралап, жастардың ұсыныс-тілектерін қабылдамақшы. Қозғалыс көшбасшылары алғашқы іс-сапарын бүгін Қарағандыдан бастады. «Студенттер қаласы» саналатын шаһарда бүгінде 70 мыңнан астам жас білім алуда. Олардың кез-келгені бағалы бастамаға өз үлестерін қосуға құштар. Сондықтан да кездесу барысында студенттер тарапынан ел болашағына қатысты сұрақтар көп қойылды. Айта кету керек, «Қазақстан-2050» қозғалысы өткен жылдың желтоқсан айында құрылған болатын.
 
 
 
 
 
Алмат Жұмабаев, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің мүшесі:

Біздің жоспарымыз бойынша наурыз айының соңына дейін Қазақстанның барлық облыстарын аралап шығу. Әр облыста болатын шарада жастармен де, облыстың зиялы азаматтарымен кездесетін боламыз.

Хабарламаларға жазылу