Қоғамдық көліктер электронды бақылауда болмақ

20.02.2014
Қоғамдық көліктер электронды бақылауда болмақ
Шымкентте жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктердің қызмет көрсету құны 50 теңгеге көтерілгенімен, сапасы сын көтермейді. Олар белгіленген кестемен емес, өз қалауынша кезекпен жүреді. Облыстық жолаушылар көлігі басқармасы мен қала әкімдігі кезекті рейд жасап, бірқатар кемшілікті анықтады.
 
 
<div justify;\\\\\\\"=""> Шымкентте бұған дейін елуге жуық автобусқа электронды бақылау жасайтын GPS орнатылған болатын. Қазір облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл жүйені барлық автобустарға орнатып жатыр.
 
Күмісбек Орашев, ОҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
Автобустардың кестелерін реттеу үшін GPS орнатуды қолға алғанбыз. Себебі компьютерде отырып, сағаты минутына дейін реттеуге болады.
Нұрлан ӘЛІМБАЕВ
 

Хабарламаларға жазылу