Лауазымын теріс пайдаланған тағы бір шенеунік тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лауазымын теріс пайдаланған тағы бір шенеунік тұтқындалды

18.02.2014
Лауазымын теріс пайдаланған тағы бір шенеунік тұтқындалды
 
Астанада лауазымын асыра пайдаланған тағы бір шенеунік тұтқындалды. Ол - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Серік Әшімбаев. Бұл туралы еліміздің Әскери прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
 
Дереккөзінің хабарлауынша, Әшімбаев 14-ақпан күні қамауға алынған. Оған тұрғынүй сатып алуға бөлінген 300 миллион теңге көлеміндегі қазына қаржысын жымқырды, деген айып тағылып отыр. Қазір аталған істі Бас Әскери прокуратура тергеуде.

Хабарламаларға жазылу