Павлодардағы экологиялық бақта өсімдіктің 200 түрі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардағы экологиялық бақта өсімдіктің 200 түрі бар

14.02.2014
Павлодардағы экологиялық бақта өсімдіктің 200 түрі бар
Осыдан тура 20 жыл бұрын Павлодардағы экология және туризм мектебі жанынан экологиялық бақ ашылған болатын. Қазір мұнда 200-ден аса тропикалық және субтропикалық өсімдіктер тамыр жайып, қысы-жазы жасыл желекке бөленіп тұр.
 
Ал, оқушылардың зерттеуі бойынша  ондаған ғылыми жоба жарық көрді. Шағын бақта екі бөлік бар. Бірінде жеміс беретін ағаштар, ал, екіншісінде сирек кездесетін гүлдер өсіріледі.
 
Мәселен, мәңгі жасыл лавр ағашы, кофе, бомерия, жапон фортунелласы, жемістерден інжір, авакадо, анар, манго, лимон бар.
 
Жақында өте сирек кездесетін «эвпатория» гүлдейді. Мамандардың айтуынша, мұнда қазір   экскюзивті өсімдіктердің 20 түрі бар. Сондықтан мектеп оқушылары ғана емес, әуесқой бағбандар да жиі келетін болған. 
 
 
Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу