Шымкентте тұрғын үйден өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте тұрғын үйден өрт шықты

05.02.2014
Шымкенттегі тұрғын үйлердің бірінен шыққан өрттен екі адам қайтыс болды. Өрт кеше кешкі сағат сегіздер шамасында басталған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жаумен жарты сағат арпалысты. Тұрғын үйдің кейбір бөлмелері толықтай жанып кеткен. 
 
Бөлмелердің бірінен екі адамның мәйіті табылған. Олардың бірі елу жастағы үй иесі болып шықса, екінші азаматтың кім екені анықталып жатыр. Жалын шарпыған аумақ сегіз шаршы метрді құраған. 
 
Арман Әсібеков, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы:
Бұл дерек бойынша Шымкент қаласының Төтенше жағдай департаменті анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Хабарламаларға жазылу