Монополияға қарсы заңды бұзғандар айыппұл төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Монополияға қарсы заңды бұзғандар айыппұл төлейді

01.02.2014
Монополияға қарсы заңды бұзғандар айыппұл төлейді

Бұдан былай Қазақстан, Ресей және Беларусь аумағында монополияға қарсы заңнама бұзылса, оны тергеумен Еуразиялық экономикалық комиссияның арнайы бөлімшесі айналысатын болады.
 
 Мәскеу қаласында кездескен Кедендік одақ елдерінің монополияға қарсы мекеме басшылары осындай келісімге келді. Жиында тараптар құпия ақпарат және оны таратқан жағдайдағы жауапкершілік мәселесіне қатысты келісімнің жобасын талқылады.
 
 Яғни, енді бәсекелестік ережесін бұзған кәсіпорындар мен лауазымды тұлғалардан, Еуразиялық экономикалық комиссияның арнайы мамандары жауап алып, керекті құжаттарды тәркілеуі мүмкін. Ал кінәсі дәлелденгендерге айыппұл салынады.
 
 Ол үшін бұл келісімді әрбір елдің үкіметі мақұлдап, президенттері бекітуі тиіс. Содан соң, құжат парламент арқылы ратификациядан өтеді. Қазақстан Президентінің арнайы тапсырмасымен шекаралас нарықтарда тексеріс жүргізген мамандар, қазірдің өзінде үш елде де, заңбұзушылықтың белгілері бар деп отыр.
 
Борис Парсегов, Еуразиялық экономикалық комиссия департаменті директорының орынбасары:
Тергеу аяқталып, заңбұзушылық дәлелденетін болса, бұл мәлімет Еуразиялық экономикалық комиссияның мүшесі саналатын министрлерге берілетін болады. Олар өз кезегінде ережеге сай шара қолданады. Содан соң, заңды бұзған кәсіпорын қай елде тіркелсе, айыппұлдан түскен қаражат сол мемлекеттің бюджетіне түседі.
 
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу