Академик Қ.Сәтпаев есімі - ел есінде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Академик Қ.Сәтпаев есімі - ел есінде

31.01.2014
Академик Қ.Сәтпаев есімі - ел есінде
Аса көрнекті қазақ геологы, белгілі ғалым Қаныш Сәтпаевтың өмірден озғанына бүгін - 50 жыл. Осыған орай Алматыда қоғам қайраткерін еске алу кеші өтті. Жиында ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері ғалымның өмірі мен қызметі жайлы естеліктер айтып, адами қасиеттері турасында тебірене әңгімеледі.
 
Қаныш Имантайұлы 65 жыл ғұмырының ат жалын тартып мінгеннен кейінгі  шағын ұлт ғылымының ілгерілеуіне арнады. Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеп, елдегі металлогения мектебінің негізін қалады.
 
Қазақ ғылым академиясының алғаш ұйымдастырушысы әрі тұңғыш президенті болған академик, ғылымнан өзге мәдениет, тарих саласында да іргелі істердің ұйытқысы болды.  
 
Әбдімәлік Нысанбаев, ҚР ҰҒА  академигі:
1999 жылы 100 жылдығы болды ЮНЕСКО өткізді. Сонда Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз XXI ғасырға Сәтпаевпен бірге аттаймыз» деді. Ол - ғұлама ғалым. Әлемдік деңгейде, қазақтың металлогениялық картасын жасаған ғалым. Революционер ғалым. Менделеевтің химиялық системасы қандай болса, бұл да сондай жаңа система жасады.
 
Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу