Бірнеше облыста күн күрт суытты
Сарыарқаның қызылшұнақ аязы басылмай тұр. Дәл қазір Елордада ауа температурасы минус 32 градусты көрсетіп тұр. Тек Астанада ғана емес, еліміздің бірнеше облысында алдағы күндері ауа райының тұрақсыздығы сақталады.
Жер-жерлерде қар, боран, қатты жел болуы мүмкін. «Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел күшейеді.
Сондай-ақ, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында күн күрт суытады. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде де аяз күшейеді.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері жеке бастың қауіпсіздігі үшін тұрғындарға боранды күндері алыс жолға шықпауды ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде зерттеулерге серпін беретін суперкомпьютерлік кешен жұмыс істеп тұр
15.05.2026, 11:22
Түркі мемлекеттері ұйымы – біртұтастық символы
15.05.2026, 11:18
Амангелді Құрмет: Түркістанда Түркі мемлекеттері басшыларының басқосуы - мәртебелі шара
15.05.2026, 11:08
Түркістан Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті қонақтарын қарсы алып жатыр
15.05.2026, 11:03
Сандық серпіліс: Қазақстан ЖИ дәуіріне қадам басты
15.05.2026, 10:45
Түркі мемлекеттері ұйымының мәдени ынтымақтастығы артып келеді
15.05.2026, 10:00
Alem AI – Орталық Азиядағы алғашқы ЖИ орталығы
15.05.2026, 10:00
Гибридті көлік иелері қосымша төлемге қарсы
14.05.2026, 20:58