Оралда жетімдердің ақысын жеген қызметкердің әрекеті әшкереленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда жетімдердің ақысын жеген қызметкердің әрекеті әшкереленді

29.01.2014
Оралда жетімдердің ақысын жеген қызметкердің әрекеті әшкереленді
Оралда жетімдердің ақысын жеп келген лауазым иесінің әрекеті әшкереленді. Қазір күдіктіні қамауға алу мәселесі шешілуде. Жетім балалардың есепшотынан ақша қымқырып келген «Қазпошта» АҚ-ның қызметкері болып шықты. Мұны прокурорлық тексерудің қорытындысы көрсетіп отыр.
 
Күдікті қылмыстық әрекетін бір емес, бірнеше балалар үйінде іске асырып, 15 жетімнің қалтасын қағыпты. Ал қолды болған қаржының көлемі 12 миллион теңгеден асып түскен. Қазір күдікті әйелге аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлады деген айып тағылған.
 
Айдын Рашидов, Орал қаласының прокуроры:
Бүгінгі таңда бұл қылмыстық іс облыстық Қаржы полициясы департаментіне жолданып, қазіргі таңда тергеу жүргізілуде. Қанша кісінің жасағанын, кімнің қандай кінәсі бар екенін тергеу барысында анықтаймыз.
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу