Батыс Қазақстан облысының активі Жолдауды талқылады

23.01.2014
Батыс Қазақстан облысының активі Жолдауды талқылады

Батыс Қазақстан облысының активі Жолдауды талқылады. Кеңесте Елбасы жүктеген міндеттерді жүзеге асырудың бағыттары белгіленді. Аграрлы-индустриалды аймақта инновациялық индустрияландыру трендін түзу және күшейте түсуге назар аударылады.

 
Осы бағыттағы жаңа жобалар үдемелі индустрияландырудың екінші бесжылдығына арналған бағдарламаға енетін болады. Шағын және орта бизнесті дамыту, жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлерге әдістемелік көмектің тиімді тетіктерін жасау бойынша жұмыс жалғаспақшы.
 
Денсаулық сақтау және білім беру мамандарының тапшылығын жоюға да күш салынады. Кеңес соңында Жолдауды халыққа түсіндіру және іске асыру шараларын бекіткен қарар қабылданды. Жақын күндері үгіт-насихат топтары іске кіріспек.
 
Нұрлан Ноғаев, облыс әкімі:
Жолдауда көрсетілген істерді атқару - біздің лауазымдық қызметімізбен қатар азаматтық борышымыз. Соны әрқайсымыз бір адамдай түсініп, өзіміздің жүрегіміз бен санамыздан өткізе отырып, қалай орындаймыз деген мәселені оң бағытта шешу үшін бір адамдай жұмылайық.
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу