Қазақстандық шекарашылардың біліктілігі жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық шекарашылардың біліктілігі жоғары

22.01.2014
Қазақстандық шекарашылардың біліктілігі жоғары

Шекара шебі ол - сүзгі. Медициналық тілмен жеткізгенде, рентген тәріздес. Әр елдің қауіпсіздігі, тыныштығы сол елдің шетінде, желдің өтінде тұрған сарбаздардың сақтығына байланысты.

 
Қазірде қазақ шекарашыларының білім-өресі, біліктілігі жоғары. Оған бүгін Астанада Шекара қызметінің әскери кеңесі кезінде жарияланған жыл қорытындысы куә.
 
Мәселен, мемлекеттік шекараны бұзушыларды ұстау 26 пайызға, контрабанданы анықтау 19 пайызға артқан. Бірақ, бұл шекарадағы қылмыс саны артты деген сөз емес, керісінше, біздің елге заң бұзу арқылы өткісі келетін қылмыскерлердің жолын кесудегі сапалы жұмыс нәтижесі.
 
Егер, 2012 жылы 859 тонна контрабандалық жүк тәркіленген болса, былтыр бұл көрсеткіш 1020 тоннаға жеткен.
 
Әмір Баяш, «Ауыл» теміржолдық шекаралық бақылау бөлімшесі бастығының міндетін уақытша атқарушы:
Есірткі зат тасымалдауды анықтау деректері көп. Қамтамасыз ету бойынша жақсы жұмыстар атқарылды, барлық қоғамдық әскери қызметкерлердің тұрмыстық жағдайы жақсарды.
 
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу