Оралда азық-түлік қоймасы өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда азық-түлік қоймасы өртеніп кетті

21.01.2014
Оралда азық-түлік қоймасы өртеніп кетті

Орал қаласында үлкен азық-түлік қоймасы өртеніп кетті. Суыт хабар түскен бойда өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп, тілсіз жауды ауыздықтауға кіріскен.

 
Алайда, құрылысында тез тұтанғыш материалдар пайдаланылған ғимарат әп-сәтте отқа оранды. Өрт сөндірушілер қоймаға жапсарлас орналасқан колледж бен жанармай станциясына тілсіз жаудың тарауына жол бермеді.
 
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі және шығынның көлемі анықталуда. Өртті сөндіруге 5 өрт сөндіру бөлімі мен арнайы жасақтың 63 қызметкері және 17 техника жұмылдырылған.
 
Нұрболат Егінбаев, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының маманы:
Үш азық-түлік қоймасы бір-біріне тым жақын орналасқан. Сондықтан, оттан арашалау мүмкін болмады. Жалынның жалпы аумағы 2 мың шаршы метрді құрады.
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу