Елордада екі күн бойы боран соғады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада екі күн бойы боран соғады (ВИДЕО)

15.01.2014
Елордада екі күн бойы боран соғады (ВИДЕО)

Астанада екі күн бойы боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді. Осыған байланысты метеорологтар ескерту жариялады.

 
«Қазгидрометтің» болжамынша бүгін Астанада қар жауып, боран болады. Түнде тұман түсуі мүмкін. Алайда, сынап бағанасы 7 градустан аспайды. Бүгінгідей ауа райы ертең де сақталады. Боран қаңтардың 17-де басылып, желдің екпіні секундына 9-14 метрге дейін төмендейді.
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу