Оралда интеллектуалды жол қиылыстары пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда интеллектуалды жол қиылыстары пайда болды

15.01.2014
Оралда интеллектуалды жол қиылыстары пайда болды

Орал қаласында интеллектуалды қиылыс жүйесі іске қосылды. Көлік көп жүретін үш көше қиылысына орнатылған бейнекамералар әкімшілік құқықбұзушылықтарды автоматты түрде тіркеп отырады.

 
35 бейнекамера республикалық бюджеттен бөлінген 69 миллион теңгеге сатып алынды. Қаржы қомақты болғанымен, бір айға жетпей өтелетін түрі бар. Алғашқы күннің өзінде камералардың объективіне 465 жол ережесін бұзу дерегі ілініп, олар бойынша салынған айыппұлдың көлемі 5 миллион теңгені құраған.
 
Әзірге бейнебақылау жүйесі тоқтау сызығын ескермеу, қызыл түске өту және қарсы бетке шығып кету сияқты үш әкімшілік құқықбұзушылықты тіркейді. Бұл жұмыс автоматты түрде атқарылады.
 
Бекзат Хайыров, Әкімшілік полиция басқармасы орталығының технигі:
Екі тәулік ішінде 1200 жазбаша өкім келіп түсті. Біз қазір қызметкерлерді тағайындап, үйлерге жіберу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. 30 күн ішінде көлік жүргізушілер айыппұлын төлеуі керек. Төлемеген жағдайда, сот орындаушыларына жолдаймыз.
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу