Астанада өткен жылы 730 өрт оқиғасы болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада өткен жылы 730 өрт оқиғасы болған

10.01.2014
Астанада өткен жылы 730 өрт оқиғасы болған
Былтырғы жылы бас шаһарда 730 өрт оқиғасы тіркеліпті. 2013 жылды  қорытындылап, баспасөз мәслихатын ұйымдастырған Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті осындай мәліметті айтты.
 
Өрттің салдарынан 76 миллион теңге шығын келген. Ең ауыры - адам өлімі бар. 22 кісі жалынның құшағында қалып қойған болса, соның 7-і балалар. Төтенше жағдай департаментіндегілер қайғылы жайт қайталанбас үшін ата-аналар балаларға аса назар аударса, дегенді айтып отыр.
 
Барат Дұзақбаев, Астана қаласы ТЖД басшысының орынбасары:
Үш өрттің кезінде 7 бала қаза тапты. Бұл енді әлеуметтік жағдайлары төмендеу отбасының балалары. Неге десеңіз, балаларын үйлеріне қамап кетеді де, өздері жұмысқа барады. Сондай кезде балалар ойнап отырып, өрт шығарып алады.
 
Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу