Кірісін көлеңкелеген кеңсе - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кірісін көлеңкелеген кеңсе

09.01.2014
Кірісін көлеңкелеген кеңсе

«Олимп» букмекерлік кеңсесі 300 миллион теңге салық төлеуден жалтарған. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық қаржы полициясы департаментінің өкілдері мәлімет етті.

 
Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, бүгінде еліміз бойынша «Олимп» букмекерлік кеңсесіне тиесілі 409 касса тіркелген. Соның 200-ге жуығы Алматыда орналасқан. Жедел тексеріс нәтижесінде кассаларда салық салынатын кірісті жасырудың жолға қойылғандығы анықталды.
 
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін де бұқаралық ақпарат құралдарында аталған кеңседен ұтып алған ақшаларын ала алмай жүрген азаматтардың шағымы қаржы полициясына түскен болатын.  
 
Жақсылық Жақыбаев, қалалық қаржы полициясы департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
«Олимп» букмекерлік кеңсесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 222-ші бабы бойынша салық төлеуден жалтарды деген айыппен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
 
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу