Қатты аяздан 4 көлік жолда қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатты аяздан 4 көлік жолда қалды

07.01.2014
Қатты аяздан 4 көлік жолда қалды
Ауа-райының күрт суытуына байланысты 4-5 қаңтар күндері аралығында Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 4 автокөлік жолда қалды. Оның үшеуі - қалааралық бағыттағы автобус.
 
Қарағандыға қатынайтын автобус Астана-Петропавл тас жолының 414 шақырымында істен шыққан. Көліктегі 45 жолаушы басқа автобусқа отырғызылды.
 
Ал жүргізушілердің қауіпсіздігін әмбебап полиция қызметкерлері қамтамасыз еткен. Оларға ыстық тамақ ұйымдастырылып, көліктерін қалаға жеткізуге көмектесті.
 
Тағы бір оқиға Көкшетау-Омбы тас жолында болған. Абырой болғанда, барлық жағдайларда дереу көмек көрсетіліп, жолаушылардың өміріне қауіп төнген жоқ.
 
Владимир Тиньков, қалааралық бағыттағы автобус жүргізушісі:
Біз тоқтаған соң басшылыққа хабарласып, басқа автобусты шақырттық. Жолаушылардың барлығы баратын жерлеріне жеткізілді. Бізге полиция қызметкерлері көмектесті. Оларға айтар алғысымыз шексіз.
 
Александр Ушаков, СҚО жол-патрульдік полиция инспекторы:
Солтүстік өңірде қатты аяздың салдарынан көліктің істен шығуы, жанармайдың қатып қалуы, тежегіштің істемей қалуы сияқты жағдайлар болып тұрады. Сондықтан жолға шығар алдында көлікті мұқият тексеріп алу керек. Дұрысы мұндай суық күндері жол жүруден бас тарту.
 
 
Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу