Басты Жаңалықтар Паралимпиадалық ойындардың жеңімпаздары елге оралды

Паралимпиадалық ойындардың жеңімпаздары елге оралды

Елордалық спортшылар Ақтөбеде өткен республикалық жүзу жарысынан жүлделі оралды. Олардың қоржынында 19 медаль. Таратып айтсақ, паралимпиада ойындарының саңлақтары 10 алтын, 3 күміс және 6 қола жеңіп алды. Соған орай бүгін Назарбаев халықаралық әуежайында жүлдегерлерді күтіп алу салтанатты шарасы өтті. Ал жалпы командалық есеп бойынша, Қарағанды бірінші, Шымкент екінші орын алса, Нұр-Сұлтандық топ үштіктен көрінді. Биыл жүзу сайысына екі жүзден астам мүмкіндігі шектеулі жан қатысты. Елордалық құраманы республикаға еңбек сіңірген жаттықтырушы Владимир Загородний даярлап апарған.

Владимир Загородний, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

Мен бастапқыда үшінші болатынымызды айтқанмын. Себебі тобымның әлеуетін жақсы білемін. Әрине, бұл әлсіз дегенді білдірмейді. Шама-шарқына қарай өнер көрсетті. Сондай-ақ біздегі екі спортшы жаңадан қосылған. Ал алда олимпиада ойындары бар. Токиода. Сол жерден Сиязбек Далиев спортшымыз жүлде әкеледі деп сенеміз. Біз барымызды салып жатырмыз.

Нысаналы ЫҒЫЛ

 

Бөлісу