Алматы облысының Қарасай ауданында бокстан халықаралық турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының Қарасай ауданында бокстан халықаралық турнир өтті

11.07.2019

Алматы облысының Қарасай ауданында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесіне арналған бокстан халықаралық турнир өтті.

Биыл байрақты бәсекеге елдің барлық аймағынан сайдың тасындай іріктелген жас былғары қолғап шеберлері қатысты. Жыл сайын ауқымы кеңейіп келе жатқан жарыста 2003-2001 жылдары туған жасөспірімдер жұдырық түйістірді.

Шара соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, әлемдік деңгейдегі додаларға жолдама алды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының шараларынан ақпарат таратып жүрген тілшілерге арнайы төсбелгі табыс етті.

Ермахан Ыбырайымов, Сидней Олимпиадасының чемпионы:

Осы ауданның спортшыларын тәрбиелеуде бұл турнирдің маңызы да, мәні де өте зор. Осы турнирде өзіңізге белгілі Бақтияр Артаев, Қанат Ислам, Геннади Головкин сияқты мықты боксшылар жұдырықтасып, өзінің шеберлігін шыңдаған. Сондықтан бұл турнир Қазақтан үшін өте керек. Алдағы уақытта бұл турнирдің географиясы бұдан да үлкейе бермек.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу