Еліміздің озат оқушылары Ресейде өткен халықаралық спорт жарысынан олжалы оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің озат оқушылары Ресейде өткен халықаралық спорт жарысынан олжалы оралды

09.07.2019

Еліміздің озат оқушылары Ресейде өткен халықаралық спорт жарысынан олжалы оралды.

 

Сайыс онкологиялық аурумен ауырып, оны жеңе білген балалар арасында өтті. Жеңімпаздарды жақын туыстары мен достары Алматы әуежайынан салтанатты түрде күтіп алды. Жалпы, жарысқа әлемнің 15 мемлекеті мен Ресейдің 34 аймағынан 500-ден астам бала қатысқан. Суға жүзу, оқ ату, қашықтыққа жүгіру, шахмат пен теннис және футбол сияқты спорт түрлерінен өнер көрсеткен біздің балалар 10 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль алып, жеңіс тұғырынан көрінді.

 

Арман Біләл, қала тұрғыны:

 

Менің балам 4 спорт түрінен жарысты. Яғни, жүгіруден бірінші орын алды. Шахматтан 3-ші орын алды. Және командалық ойында, футболдан командалық есепте екінші орын алды.  

 

Аманкелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу