Головкин-Роллс жекпе-жегі Qazaqstan және QAZSPORT телеарналарында! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин-Роллс жекпе-жегі Qazaqstan және QAZSPORT телеарналарында!

03.06.2019
Головкин-Роллс жекпе-жегі Qazaqstan және QAZSPORT телеарналарында!

9 маусым күні Qazaqstan және QAZSPORT телеарналары әйгілі «Madison Square Garden» аренасында өтетін орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс арасындағы кездесуді тікелей эфирде көрсетеді.  Отандастарымыздың қатысуымен өтетін бокс кешін тікелей эфирде ұсыну құқығы бойынша келіссөздер сәтті аяқталды.   

Бұл кездесу отандасымыздың жаңа бапкерімен және DAZN стримингтік сервисімен келісімшарт аясындағы алғашқы жекпе-жегі болмақ. 

Сондай-ақ, бокс кешінің андеркардында қазақстандық былғары қолғап шебері Әли Ахмедов пен америкалық Маркус МакДэниэл WBC International чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасатын болады. Сонымен қатар, тағы бір отандасымыз Бахтияр Эюбов америкалық Брайан Себальомен қолғап түйістіреді. 

Бокс кешін 9 маусым күні 06:00-ден бастап QAZSPORT және 09:00-ден бастап Qazaqstan телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу