Атырауда оқушы қыздар арасында баскетболдан турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда оқушы қыздар арасында баскетболдан турнир өтті

11.03.2019

Атырауда қоғам қайраткері, Журналистер одағының мүшесі, белді қаламгер Шапхан Хұсыновты еске алуға арналған баскетболдан турнир ұйымдастырылып, өзара мықтыны анықтады. Спорттық сайысқа облыстағы барлық аудандар мен Атырау қаласының құрамалары қатысты.

Қыздар арасындағы баскетбол жарысы - көп ұйымдастырыла бермейтін сайыстардың бірі. Дегенмен 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткен жарыстың іріктеу турының өзіне биыл 15-ке жуық команда қатысуға ниет білдірген.

Шапхат Хұсынов атындағы турнирдің жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар табысталды. Облыс басшылығы болашақта мұндай жарысты республика деңгейінде өткізуді жоспарлап отыр.

Асхат Жұмабеков, «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық мектебінің директоры:

- 2 күнге созылған жарысқа облысымыздың алты ауданы мен Атырау қаласының командалары қатысты. Бүгінгі нәтиже бойынша Атырау қаласы І орынды, Жылыой ауданы ІІ орынды, Исатай ауданы ІІІ орынды иеленді.

 Жұмажан Қадимов, ардагер:

- Әрдайым шындық үшін тер төгіп, еңбек еткен. Осындай азматтарды еске алу кезінде ауданымызда түрлі жарыстар өткізіп отыр.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу