Ұлттық спорт түрлерінен Азия чемпионаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық спорт түрлерінен Азия чемпионаты өтеді

13.02.2019

Сәуірде сегіз ел ұлттық спорт түрлерінен сынға түседі. Бұл - тұңғыш рет өткізілгелі отырған жастар арасындағы Азия чемпионаты. Жарысты Алматы қаласында ұйымдастыру жоспарланған. Спортшылар көкпар, аударыспақ, теңге ілу мен жамбы атудан бәсекелеспек.

Рахат Жақсыбай, Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры:

- Негізі 5 ел қатысса, чемпионат өтті деп саналады. Бірақ біз 8 елдің спортшыларын күтеміз.

Сондай-ақ, жиында көкпар төңірегіндегі мәселелер де көтерілді. Доданы әлемдік деңгейге шығару үшін ойынның нақты ережелері мен қауіпсіздік шаралары бекітілуі тиіс. Осы мақсатта ертең Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының өкілдері бас қосып, басты қағидаттарды талқылайды.

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу