«Qazaqstan» және «QAZSPORT» телеарналары Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» және «QAZSPORT» телеарналары Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін көрсетеді

30.01.2019

3 ақпан күні АҚШ-тың Фриско қаласында ресейлік Сергей Ковалев пен колумбиялық Элейдер Альварес арасында жартылай ауыр салмақтағы WBO чемпиондық атағы үшін бокс кеші өтеді.

Қос боксшы арасындағы алғашқы жекпе-жекте ресейлік Сергей Ковалев жеңіліп, чемпиондықтан айырылған болатын. 

Аталмыш бокс кешінде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы да кездесу өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы америкалық Стивен Мартинес болмақ.

Бокс кешін 3 ақпан күні сағат 07:30-дан бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал, 16:30-да QAZSPORT арнасынан бокстың қайталауын көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу