Алматы облысында таэквондадан жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті. Оған еліміздің әр аймағынан 300-ден астам жас спортшы қатысты. Осы спорт түрінен Әлем кубогының иегері Асқар Шайхиев атындағы спорт клубының 15 жылдығына арналған жарысқа 12 команда келді. Ал, әлемдік спортта намысымызды асқақтатып жүрген Қанат Ислам бастаған ел мақтаныштары мен қоғам қайраткерлері жастарға сәттілік тіледі. 7 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер өзара бірнеше салмақ бойынша бақ сынады. Жарыс соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, республикалық, халықаралық турнирлерге жолдама берілді.
Айым Саянқызы, ашық біріншіліктің жеңімпазы:
- Бүгінгі жарыс өте жақсы өтіп жатыр. Таэквондоны қазір біздің мектепте үйрете бастады.
Қайыр Қажи, облыстық Таэквондо федерациясының вице-президенті:
- Турниріміз төртінші рет өтіп жатыр. Жалпы, таэквондо Олимпиада ойындарына кірген спорт болғандықтан, қызығушылық өте керемет. Асқар Шайхиев атындағы таэквонда клубында қазір 500-дей спортшы бар. Балалар жұмыс істеп жатыр. Қазақстанда жүлдегер болып, чемпион болып, халықаралық жарыстарда топ жарып жүр.
Аманкелді СЕЙІТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.