Басты Жаңалықтар 16 желтоқсанда Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде бокс кеші өтеді

16 желтоқсанда Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде бокс кеші өтеді

«QAZAQ promotion» промоутерлік компаниясы ұйымдастырып жатқан «Astana arlans» кубогы үшін талас бүгін басталып кетті. Тәуелсіздік күніне финалдық кездесулер жоспарланып отыр.

Спорттық додаға еліміздің әр өңірінен 120-ға жуық өтініш келіп түскен. Олар 7 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Үздіктер бірнеше номинация бойынша анықталады. Ерекшелігі бұл турнирге 18 жастан асқан кез келген адам қатыса алады. Финалдық кездесулерді «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.  

Бақтияр Артаев, Олимпиада чемпионы:

- Телеарнадан Олимпиада чемпиондарын көрген кезде «қап, әттеген-ай, менің де осындай мүмкіндігім болып еді. Мен бола алмай қалдым. Ауылды осындай мүмкіндіктер, секциялар, бапкер болған жоқ» деген сөздерді естіп жатамын. Арнайы сол жігіттердің арманын орындау үшін, осындай шешімге келіп, турнир өткізіп жатырмыз.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу