«I love supersport» мектебінің бапкерлері алыс қашықтыққа жүгірудің қыр-сырын үйретті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«I love supersport» мектебінің бапкерлері алыс қашықтыққа жүгірудің қыр-сырын үйретті

10.12.2018

Жеңіл атлектика мен триатлон және әуесқой жүгіретін қазақстандықтардың саны жыл санап артып келеді. Мысалы, Алматыдағы марафонға бірер жыл бұрын небәрі 500 адам қатысса, қазір мұндай марафондарда 10 мыңнан астам адам жүгіреді. Қазір денсаулыққа зиян тигізбей, алыс қашықтыққа жүгірудің қыр-сырын үйрететін мектептер ашылған.

Соның бірі «I love supersport» мектебі. Әлемнің 50-ге жуық елінде бар спорт мектебінің бапкерлері осы аптада астаналықтарға алыс қашықтықта суда жүзу мен қыс мезгілінде жүгірудің қыр-сырын үйретті. Тәжірибе түріндегі шеберлік сағатында 5 шақырымға жүгірген астаналықтарға арнайы медальдар табысталды.

 

Дмитрий Токарев,  «I love supersport» халықаралық спорт мектебінің бапкері:

Бүгінгі жүгіру арқылы біз қыс мезгілінде де техникаларды қолданып жүгіруге болатынын көрсеткіміз келді. Қазақстанда қазір ironman - триатлон қозғалысы қатты дамып жатыр. Бұл бұқаралық спорт түрлері арқылы кәсіби спорт та дамитын болады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу