Алматыда шорт-тректен Әлем чемпионаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда шорт-тректен Әлем чемпионаты өтеді

04.12.2018

7-10 желтоқсан аралығында Алматыда шорт-тректен Әлем чемпионаты өтеді. Осы шара аясында Нидерландыдан келген бір топ студент қазір елімізді аралап жүр. Шетелдіктер ірі мегаполистің ең көрікті жерлерін көріп, ұлттық тағамымыздан дәм татты.

Амангелді Сейітхан, тілші:

Қысқы спорт түрлерінен ешкімге дес бермейтін нидерландтық қонақтар бүгін аты аңызға айналған «Медеу» мұз айдынында болды. Талай әлем рекорды тіркелген спорт кешенін олар интернеттен көріп, қызыққан, келуді армандаған. Енді міне, жас спортшылардың сол мақсаттары орындалды.

Ни Юдит, студент (Нидерланды):

-  Бізде барлық мұз айдындары жабық кешенде орналасқан. Ал, мынадай ашық аспан астындағы айдында сырғанау өте керемет. Оның үстіне 1600 метр биіктіктегі ауаның тазалығы тынысыңды ашады.

Мұз үстінде өнер көрсететін шетелдік спортшылар «Медеу» кешенінің кереметін көріп, таңданыстарын жасырмады. Олардың сөзінше, мұз қатты болғандықтан, жылдамдықты арттыруға аса ыңғайлы. Ал, соңғы уақытта Қазақстан қысқы спорт түрлері бойынша аталған елмен біріккен бірнеше жобаны қолға алыпты.

Александр Жигин, бапкер:

- Шорт-тректен біздің Қазақстан құрамасы көп уақыт Нидерландымен бірге жаттықты. Соның нәтижесінде, соңғы үш жылда басқа деңгейге көтерілді. Сондықтан, бірлескен жұмыстарды жалғастыруды ойлап отырмыз. Өйткені, бұл ел қазір конькимен жүгіруден әлемде көш бастап тұр.

Алыстан ат арытып келген қонақтар «Шымбұлақ» пен Көктөбені, «Алматы Арена» және Атлетикалық қалашықты да аралап, тыныс-тіршілігімен таныспақ.

Амангелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу