Талдықорғанда ардагерлер арасында волейболдан турнир өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда ардагерлер арасында волейболдан турнир өтіп жатыр

04.12.2018

Талдықорғанда ардагерлер арасында волейболдан халықаралық турнир жалауын көтерді. Жетісу кубогын сарапқа салуға спортшылар Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Польша елдерінен келді. Жарысқа Ресей Федерациясының 5 командасын қосқанда, барлығы 10 команда қатысуда. Екінші рет ұйымдастырылып отырған халықаралық дода Тұңғыш Президент күніне орайластырылды. Спортшылардың алды 70-ке жуықтаған. Жарыстың басты мақсаты - бұқаралық спортты дамытып, волейболға деген қызығушылықты арттыру. 

Амангелді Шабдарбаев, «Жетісу» ардагерлер командасының мүшесі:

- Көптегенадамдар келіп отыр. Оның ішінде жастар бар. Сондықтан, мұндай турнирлер жиірек болса, жастар волейболды көбірек ойнайды. Міне, мына турнирге былтыр шетелден 8 команда келіп еді, биыл 10 команда келіп отыр. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу