Каратэшілер аттестациядан өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каратэшілер аттестациядан өтіп жатыр

27.11.2018

Қазақстан киокушинкай каратэден соңғы 5 жылда әлемде көш бастап тұр. Бұл туралы аталған ұйымның президенті Тәжімұрат Найзабеков айтты. Қазіргі уақытта, елімізде 30 мыңға жуық адам осы спорт түрімен айналысады. Олардың қатары тағы да артуы мүмкін. Өйткені, қазір каратэден 2018 жылды қорытындылайтын аттестация басталды. 4-5 жастағы каратэшілерден бастап, барлығы арнайы сынақтардан өтіп, тиісті белбеулер алады. Аттестация еліміздің барлық өңірлерінде өткізіледі. 

Тәжімұрат Найзабеков, Бүкілқазақстандық киокушинкай каратэ ұйымының президенті:

- Қазір әлемде өтіп жатқан түрлі чемпионаттар, турнирлерде Қазақстан құрама  командасы өте жақсы жетістік көрсетіп жүр. Сондықтан, қазір біздің істеп жатқан іс-шарамыз осыған байланысты. Балаларымызды көтеріп, оның ішінен құрама командаға таңдап, ары қарай біздің балаларымыз әлемдік жарыстарда жақсы көрсеткіштерге жетуі үшін осындай аттестациялар өтеді.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу