Басты Жаңалықтар Таразда волейболдан оқушылар арасындағы республикалық турнир мәресіне жетті

Таразда волейболдан оқушылар арасындағы республикалық турнир мәресіне жетті

Жарысқа «Білім-Инновация» және «Білім-Орда» халықаралық қоғамдық қорларына қарасты білім ұяларында оқитын қыз балалар қатысты. Спорттық шара жасөспірімдер арасында саламатты өмір салтын қалыптастырып, өзара достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында жылда дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Ойынға еліміздің барлық аймақтарынан 100-ден астам жас спортшы жиналды. Атырау, Петропавл, Қызылорда, Шымкент, Алматы өңірлерінен 11 команда келіп, өзара мықтыны анықтады. 

Дастан Ілияс, ұйымдастырушы:

- Бүгін міне, Петропавл қаласының Әбу Досмұхамбетов атындағы мектеп-гимназия оқушылары мектептің ауыспалы кубогын жеңіп алды. Бұл сайысымыздың мақсаты - тек білім саласында шектелмей, оқушыларымыздың спорттық шараларда да жетістіктерге жетуін мақсат қойып отырмыз. Себебі, әртүрлі халықаралық университеттерге түсу барысында оқушылардың тек қана білімі емес, жан-жақталығы, спорттық нәтижелері, спорттық жетістіктері есепке алынып жатады.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу