«Дені саудың, тәні де сау». Бүгін «Нұрорда» мектеп-лицейінде «Білім-инновация» қорына қарасты мектеп оқушылары арасында кіші футболдан жарыс басталды. Жарыстың ашылу салтанатына Қазақстан футбол федерациясының өкілдері қатысты. Осымен 6-шы мәрте өтіп жатқан жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 27 команда келді. 7-8-сынып оқушылары екі күн бойы өзара мықтыны анықтамақ. Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздар Ұлыбритания аралында өтетін оқушылар арасындағы халықаралық турнирге жолдама алмақ. «Сайыстың мақсаты - оқушылар арасында саламатты өмір салтын насихаттай отырып, сыйластық, ұйымшылдық қабілеттерін аша түсу», - дейді ұйымдастырушалар.
Нұрбол Төлебаев, «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті:
- Республикалық деңгейде ұйымдастырып келеміз. Енді халықаралық деңгейге шыққымыз келеді.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.