Астаналық жанкүйерлер таэквондодан І Азия чемпионатының жеңімпаздарын салтанатпен күтіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық жанкүйерлер таэквондодан І Азия чемпионатының жеңімпаздарын салтанатпен күтіп алды

14.09.2018

Байрақты дода Атырау қаласында өткен. Оған Өзбекстан, Тәжікстан, Корея, т.б мемлекеттен 9 бен 18 жас аралығындағы 400-ге жуық спортшы қатысқан. Халықаралық жарысқа Астанадағы «Мұстафа» клубынан 25 таэквондошы қатысып, 6 алтын, 4 күміс, 3 қола жүлдені ұтып алды.  

Жанбиров Нұрболат, жаттықтырушы:

- Жарыс үлкен дәрежеде өтті. Төрешілер өте әділетті болды. Ашық Азия чемпионатына 400-ге жуық спортшы қатысты, ал, Қазақстан турнирінде 350-360-тай спортшылар қатысты.

Шералы Элеанора, таэквандошы:

- Мен Мұстафа клубына 1 жылдан бері қатысамын. Азия біріншілігінде 1-орын алдым. Қуаныштымын. Ағайларға рахмет айтамын.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу