Фируза Шарипованы жерлестері құрметпен қарсы алды
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен кәсіпқой бокс додасында кезекті рет чемпиондық атағын қорғап, жеңіске жеткен Фируза Шарипованы жерлестері құрметпен қарсы алды. Ресейлік Юлия Куценконы ұтқан Фирузаның бұл тоғызыншы биік тұғыры.
WIBA, WBU, IBO Championship, WBS Silver белбеулерін қанжығасына байлаған боксшыны Тараздың әуежайынан ата-анасы, туыстары мен достары, әріптестері күтіп алды. Куценкомен болған жекпе-жекте Шарипова мұрыннан жарақат алды. Спортшы қыз жарыс жолында шаршап, жеңісті оңай олжаламағанын айтты.
Фируза Шарипова, бокстан Әлем чемпионы:
-Жолда көп жүріп жарысқа шығарда сәл шаршағанымды сезіндім. Қарсыласымда осал болмады. Бірақ, елдің үкілеген үмітін ақтау үшін жеңіс жолында бар күш-жігерімді салдым. Енді келесі жекпе-жекке шығатын қарсыласым белгілі болды. Дайындықты бастайын деп отырмыз.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы