Басты Жаңалықтар Алматыда жағажай волейболынан ел чемпионаты басталды

Алматыда жағажай волейболынан ел чемпионаты басталды

Алматыда жағажай волейболынан ерлер және әйелдер арасында ел чемпионаты басталды. Мегаполитің төріндегі су жаңа алаңда ашылған орталықтағы жарысқа еліміздің өңірлерінен таңдаулы командалар келді.

Олардың арасында Азия ойындарында, халықаралық түрлі жарыстарда жеңімпаз атанып жүрген топтар, үздік ойынымен ерекшеленіп жүрген спортшылар бар. Биыл 22-ші рет өтіп жатқан ел біріншілігінің ашылу мен жаңа орталықтың тұсаукесерінің тұспа-тұс келуін бапкерлер жақсылыққа жорып отыр.

Ал, бұл спорттың ерекшелігі команда құрамында екі адамнан ойнайды. Сондықтан, оларға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Яғни, ойын алаңына екі-ақ спортшы жауапты. Осы себепті олар көп жүгіріп, ширақ қимылдайды. Жағажайдағы алаңдарда қатысушылар жел мен жауынға қарамай ойынды жалғастыра дереді. Бұл сорттың күрделілігі де осында, дейді мамандар .

Бақтыгүл Самаликова, қатысушы:

Жаңадан ашылып жатыр, егер мұндай орталық көбірек әр қалада ашылса өте жақсы болатын еді деп ойлаймын. Сол кезде бәсеке де болады. Ал, қазір тек Ақтау қаласында және Алматы қаласында. Әдемі жасаған өте. Жетістіктер әртүрлі.  Азияда бірінші орын алдық, екінші орын да алдық, үшті де алдық. Енді әртүрлі жетістіктер бар. Ұтылған кездер де бар. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ   

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Бөлісу