«Мемлекеттің тірегі отбасы» атты спартакиада өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мемлекеттің тірегі отбасы» атты спартакиада өтті

10.09.2018

«Мемлекеттің тірегі отбасы». Осындай атауды арқау еткен спартакиада «Алау» мұз айдынында өтті. Сайыста мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері өзара мықтыны анықтады.

Айта кету керек, ақтық сынға 9 команда суырылып шыққан. Аталған конкурс, ең алдымен, отбасы институтын нығайтуға, адамгершілік пен отбасылық құндылықтарды қастерлеуге, аға буынды құрметтеуді және балаларға ізет көрсетуді дәріптеуге бағытталған.

Жазира Жылқышиева, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Астана қаласы бойынша департамент  басшысы:

Біз агенттіктің «Өзгерісті өзіңнен баста» атты жобаны іске асырып келеміз. Басты мақсат - отбасылық құндылықтарды насихаттау.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу