«Биылғы Азиада ойындарының нәтижесі төбемізден суық су құйып жібергендей әсер қалдырды». Бүгін 7-ші Азия ойындарын қорытындылаған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осылай деді. Оның ойынша, жалпы медальдер саны бойынша Қазақстан құрамасы өз деңгейінде өнер көрсетті. 76 медаль ұтты. Алайда, командалық есептегі жеңіс үшін алтын медальдар саны аздық еткен. Атлеттер спорттың 24 түрінен медаль терді. Ең бастысы, биылғы Азиадада Қазақстан легионерлерден бас тартты. Есесіне, жас болса өзіміздің өрендерді жарысқа жетеледі. Жаспын деп жасымаған 15-16 жастағы гимнаст қыздардың ерлігі көпке үлгі. Ал, допинг дауына басы іліккен зілтеміршілер осы ойынға қатыспады. Сондай-ақ, қазақтың оң жамбасына келетін бокстан биыл алтын медаль бұйырмады.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.