Маргарита Мұқашева: Қиын болса да адам үшін мүмкін емес нәрсе жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маргарита Мұқашева: Қиын болса да адам үшін мүмкін емес нәрсе жоқ

03.09.2018

Индонезияда өткен Азия ойындарының жеңімпаздарын теріскейліктер құрметпен қарсы алды. Солтүстікқазақстандық үш спортшы тартысты додада ел қоржынына жүлде салды. Велошабандоз Алексей Луценко алтыннан алқа тағынса, Маргарита Мұқашева күміс жүлдені еншіледі.  800 метр қашықтықта екінші орынға табан тіреген Маргарита Мұқашеваның бұл  спорттық карьерасындағы үшінші құрлықтық жарыс. Осыған дейін 2 алтын, 1 күміс медаль олжалаған еді. Биылғы жарыста да намысты қолдан бермеді. Бала күтіміне байланысты демалыстан шыққан батыр қыз байрақты бәсекеде өзіне артылған сенімді ақтады. 

Маргарита Мұқашева, Азия ойындарының күміс жүлдегері:

- Азия ойындарының күміс жүлдегері атанамын деп ойламаппын.  Арманыма қол жеткізгенім үшін өте қуаныштымын. Мені үнемі қолдап отырған отбасыма, жаттықтырушыма және де жанкүйерлеріме үлкен алғысымды білдіремін. Қиын болса да адам үшін мүмкін емес нәрсе жоқ. Тек өзіңе деген сенімді жоғалтпау керек.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.               

Хабарламаларға жазылу