Астанадағы бокс кешінде өнер көрсеткен қазақстандық боксшылардың барлығы жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы бокс кешінде өнер көрсеткен қазақстандық боксшылардың барлығы жеңіске жетті

07.07.2018
Астанадағы бокс кешінде өнер көрсеткен қазақстандық боксшылардың барлығы жеңіске жетті

Астана қаласында өткен Бейбіт Шүменов пен Хизни Алтункая арасындағы бокс кешінің андеркартында өнер көрсеткен барлық қазақстандық боксшылар қарсыластарынан басым түсті.  

Алғашқы болып рингке шыққан Ибрагим Ескендір Ресейден келген Серік Әжібаевты алғашқы раунда нокаутқа жіберді. Еділ Қожамбердиев тағы бір ресейлік боксшы Сергей Белошапкиннен басым түссе, Уәлихан Бисенқұлов әзірбайжандық Анар Абуллаевты жеңді.  

Тағы бір қазақстандық Айдос Ербосынұлы қарсыласы Исмат Эйнуллаевтан басым түсіп, WBA Asia тұжырымдамасының чемпионы атанды. Сондай-ақ, Айдын Елжанов, Диас Тастеміров, Бобыржан Момынов, Миржан Рахымжанов, Арман Рысбек және Али Балоев өз қарсыластарының осал тұсын тауып, жеңіске жетті.  

Ал, кештің басты кездесуінде Бейбіт Шуменов қарсыласы Хизни Алтункаяны техникалық нокаутқа жіберген болатын.

 

Жекпе-жектің толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу